Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Асқар Мамин Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді

2019 жылғы 1 шілде 20:23 836
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырыста ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасын цифрландыруды жеделдету жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесі қаралды.

Тау-кен кешені, өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік секторда цифрландыруды енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, энергетика вице-министрі Ә. Мағауов баяндады.

Тау-кен металлургия кешені және өңдеу өнеркәсібі саласында 200-ге тарта цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде 12 модельдік цифрлық фабрика құрылған. Агроөнеркәсіптік кешенде электронды сауда алаңын, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында өнімді таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу, цифрлық фермалар құру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша цифрлық жобалар қолданылуда. Отын-энергетика кешенінде «Зияткерлік кен орындары», «Цифрлық кеніш» ақпараттық жүйелері, мұнайды есепке алу, Бірыңғай электроэнергетикалық жүйе режимдерін басқаруды автоматтандыру енгізіліп жатыр.

Экономика салаларында цифрландыруды енгізу есебінен өнімділіктің жыл сайынғы өсімін 2-10%-ға, кен орындарындағы өндіру өсімін - 3% арттыру, өндірістік шығындарды 10-20% қысқарту, АӨК-те дәлме-дәл егіншілікті қолдану есебінен өнімділікті 25-50% ұлғайту күтілуде.

Отырыстың қорытындысын шығара отырып, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин цифрлық күн тәртібінің маңыздылығын айта отырып, экономика салаларында цифрлық шешімдерді енгізу жұмысын күшейтуді тапсырды. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT