Асқар Мамин бизнесті салықтық ынталандыратын заңнамалық түзетулер пакетін қабылдауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Асқар Мамин бизнесті салықтық ынталандыру жөніндегі заңнамалық түзетулер пакетін қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтық және кедендік берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатып қойылды. Бұл кәсіпкерлерге айналым капиталын толтыру үшін қосымша 279 млрд теңгені жұмсауға мүмкіндік жасайды. Екінші деңгейдегі банктерде кредиттер бойынша төлем мерзімін ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін шегеру шаралары қабылданды. Кейінге қалдырылған төлемдер көлемі 750 млрд теңгені құрайтын болады», - деген Үкімет басшысы Үкіметің қазіргі міндетім бизнестің дамуына қолдау көрсету екенін атады.

«Жалпы, осы қабылданып отырған шаралар ағымдағы жылғы еліміздің экономикасының өсу құрылымында 0,8 пайыздық пунктке дейін құрайтын болады. Осыған байланысты мынадай тапсырма беремін: Бірінші, Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірге Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі жаңартылған кешенді жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін», - деді Асқар Мамин.

Ол үшін Үкімет тұрақты түрде «Атамекен» палатасымен және өңірлік Кәсіпкерлер кеңестерімен бірге бизнесті мейлінше толғандыратын мәселелерді жедел қарап, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдауы керек.

«Екінші, бизнесті салықтық ынталандыру жөніндегі заңнамалық түзетулер пакетін қабылдау қамтамасыз етілсін және 2021 жылғы 1 маусымға дейін Парламентте тиісті жұмыс жүргізсін. Үшінші, мемлекеттік органдар, әкімдіктер, «Даму» қоры «Атамекен» палатасымен бірге қолдаудың барлық түрін алуға бизнестен түсетін өтінімдердің аса қысқа мерзімде қаралуын қамтамасыз етсін», - деп түйіндеді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар