Асқар Мамин бірқатар өңірдің әкіміне өнеркәсіп көрсеткіштерін жақсартуды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бірқатар өңірдің әкіміне өнеркәсіп көрсеткіштерін жақсартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел экономикасы тұрақты дамуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев »Nur Otan« партиясының кеңейтілген фракциясы отырысында экономика өсімін қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экономика мәселелері жөніндегі кеңесте еліміздің макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын сақтау жөнінде тапсырма берген. Осы ретте өңірлер мен министрліктердің басшылары Елбасы мен Президенттің белгілеген міндеттерін орындау жұмыстарын жандандыруы қажет. Жалпы ел экономикасы тұрақты өсуде. Былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда ЖІӨ өсім қарқыны 4,4 пайызды құрады», - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда ол экономика өсімінің даму драйвері болып отырған салаларды атады. Атап айтқанда, құрылыста 12,7, саудада 7,5, көлік саласында 5,6, өңдеуші секторда, оның ішінде машина жасауда 18,2, жеңіл өнеркәсіпте 10,9, түсті металлдарда 7,5, мұнай өнімдерінде 7,2, металл кенін өндіруде 16,1 пайыз өсім байқалып отыр.

«Салалық министрліктер мен өңірлердің басшыларына негізгі өнеркәсіп көрсеткіштерін жақсарту жұмысын күшейтуді тапсырамыз. 10 айдың қорытындысы бойынша экономика өсімінің негізгі базалық көрсеткіштерін жақсартуда Ақтөбе, ШҚО, Павлодар және СҚО әкімдіктерінің жақсы жұмыс атқарғанын атап өтемін. Сонымен қатар бірқатар әкімдік бойынша көрсеткіштердің төмендеуі байқалды. Бұл - Маңғыстау, Қызылорда, БҚО және Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалалары. Осыған орай көрсеткіштері төмен әкімдіктер жағдайды жақсарту үшін түбегейлі шаралар қабылдауы қажет»,- деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар