Асқар Мамин бір ай ішінде барлық өңірде газ-техникалық инспекцияны құруды жүктеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин бір ай ішінде барлық өңірде газ-техникалық инспекцияны құруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға сәйкес әкімдіктер газ-техникалық инспекция құрып, бүкіл газ жабдығын тексеріп тұруы керек. Алайда бұл жұмыс астанада, Алматыда, Ақмола облысы мен Қостанай облысында ғана атқарылды. Басқа барлық өңірлердің әкімдіктеріне бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құрып, тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы жауапты ведомстволар тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру шараларын күшейтуі керектігін атап өтті

«Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша халық арасында алдын алу жұмыстарын күшейтсін. Ақпарат министрлігі жәрдем көрсетсін», - деп атап өтті Асқар Мамин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысында өрт қауіпсіздігі мәселесін талқылау кезінде Премьер-Министр 2021 жылдан бастап келесі үш жылдық кезеңге арналған Материалдық-техникалық жарақтандыру туралы жаңа жол картасын әзірлеп, бекітуді тапсырды.



Соңғы жаңалықтар