Асқар Мамин білім ұйымдарының оқу жылына 100% дайын болуын тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Барлық білім беру ұйымы оқу жылын бастауға 100 пайыз дайын болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектептерде жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтау қажет. Мәселен, жөндеу жұмыстары аяқталмаған мектептердің ең көбі Алматы облысында – 9 мектеп, одан кейін Қостанай облысында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 5. Әкімдерге қойылатын міндет – барлық білім беру ұйымдары оқу жылын бастауға 100 пайыз дайын болуы тиіс. Балалардың қауіпсіздігі, тамақтандыру және мектепке жеткізу бойынша барлық мәселелер шешімін табуы керек», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар Үкімет басшысы колледждерді бизнестің басқаруына беру туралы ұсынысты қолдайтынын айтты.

«Бұл бағыт Түркістан облысында жақсы дамыған, осы тәжірибені пайдалануға болады», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар