Асқар Мамин Білім министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Асхат Аймағамбетовты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Президент Жарлығымен Күләш Шәмшидинова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылған болатын. Асқар Мамин оған жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа орында сәттілік тіледі.

«Күләш Ноғатайқызы тәжірибесі мол басшы. Министр қызметінде қарқынды жұмыс істеп, еліміздің білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосты», - деді Премьер-Министр.

А.Мамин министрліктің ұжымына жаңа басшыны таныстыра отырып, Асхат Аймағамбетовтың бұл салада тиісті білімі мен үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Асхат Аймағамбетов түрлі жылдары Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы, білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарды, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігінің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Бұл - мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білімді жаңғырту, сұранысқа ие заманауи мамандар даярлау, білім және ғылымның сапалы жүйесін дамыту.

Соңғы жаңалықтар