Асқар Мамин Беларусь Премьер-Министрімен келіссөз өткізді

None
None
МИНСК. ҚазАқпарат - ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Минск қаласына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп салаларындағы, фармацевтика мен денсаулық сақтаудағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективасын талқылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

2021 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $175,6 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға жоғары.

Қазақстанда 40% деңгейінде жергіліктендірумен ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша Қазақстан мен Беларусьтің 8 бірлескен кәсіпорны белсенді жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар