+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Асқар Мамин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

2019 жылғы 19 қыркүйек 15:00
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ұлттық басқарма холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысында холдингтің инвестициялық саясатының талаптарын орындау мәселесі қаралды. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

2018 жылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниялары экономиканың шикізаттық емес салаларындағы кәсіпорындарға 715,2 млрд тг көлемінде қолдау көрсетті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қаржылық қолдау көлемі 14%-ға (89 млрд тг) өсті.

Экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілеріне немесе олармен үлестес заңды тұлғаларға қатысы жоқ 3590 компания мен ұйымға 541 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Экспортқа бағытталған өндірісті қолдау шараларының арқасында 2018 жылы кәсіпорындардың экспорт көлемі 750 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ға (36,8 млрд тг) артық.

2018 жылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 18 грант берді. Салыстыру үшін — 2017 жылы жалпы құны 1,7 млрд теңге болатын инновациялық гранттар беру туралы 9 келісім жасалды.

Өткен жылы холдинг бизнес-инкубаторларға шығындарын бірлесіп қаржыландыру түрінде қаржылық қолдау көрсетті, сонымен қатар, инновациялық қызметті кеңінен дәріптеу бойынша жұмыстар жүргізді.

Отырыста «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2019 жылдың екінші тоқсанындағы тәуекелдері туралы есеп, сондай-ақ, холдингтің Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің 2019 жылдың бірінші және екінші тоқсандарындағы қызметінің қорытынды нәтижелілігі туралы есеп бекітілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Премьер-Министрі,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT