+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

2019 жылғы 23 шілде 12:51
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Отырыста қаржылық нәтижелерге қол жеткізу, капитал нарықтарында қаражат тарту, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй қолжетімділігін арттыру, клиентке бағдарланған практикаларды дамыту тұрғысынан холдинг қызметінің негізгі көрсеткіштері қаралды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Даму жоспарын орындау бойынша есепте ұсынылған ақпаратқа сәйкес, кірістер жоспардағы 346,6 млрд теңге кезінде 107,6%-ға орындалды және 372,9 млрд теңгені құрады, таза пайда 174%-ға орындалды және 34,72 млрд теңгені құрады (жоспар – 19,98 млрд теңге). «Бәйтерек» холдингінің активтері жыл соңына 4 719 млрд теңгені құрады (жоспардан 103%).

Отырыс барысында 2018 жылғы жылдық есеп, даму жоспары мен даму институтының жылдық бюджетінің орындалуы туралы есептер бекітілді.

Бұдан өзге, Директорлар кеңесі холдингтің Корпоратив басқаруды жетілдіру жөніндегі 2019–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті, онда корпоративтік басқаруды одан әрі дамытуға бағытталған 47 іс-шара бар. Сондай-ақ кейіннен Жалғыз акционердің бекітуі үшін компанияның корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар алдын ала қаралды.

Директорлар кеңесінің мүшелері холдингтің Ішкі аудит қызметінің 2019 жылғы II тоқсандағы есебін бекітті және тауарларды, даму институтының жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Премьер-Министрі,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT