+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Асқар Мамин азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

2020 жылғы 4 ақпан 11:21
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шарасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандылық кәсіпкерлер блокпостарға ыстық ас апарып берді Атырауда автоеріктілер 160 отбасына азық-түлік себетін жеткізіп берді Семейде волонтерлер 70-тен асқан қарттарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуде

Баға мониторингі және әрекет ету шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін шығару туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, көтерме сауда нарықтарын дамыту стратегиясы, ҚР-дағы агро-логистикалық және көтерме-тарату орталықтары туралы Қазақстандағы АДБ өңірлік өкілдігінің директоры Д. Каппанелли баяндады.

2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 10,4% құрады, барлық өңірлерде шекті бағадан асып кетудің 67 жағдайы тіркелген.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар пакеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуды, монополияға қарсы заңнама шараларымен сауданың үстеме бағасын келісуді болдырмауды, баға мониторингіне жұртшылықты тартуды, электрондық сауданы дамытуды, тауарды өткізу инфрақұрылымын құруды және өнімді сақтау мен тиімді бөлу үшін қажетті жағдайларды жасауды қамтиды.

Осы жылдың 15 қаңтарында ҚР Премьер-министрі жанынан Көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар желісін дамыту жөніндегі жаңа жобалық офис құрылды, ол апта сайын мүдделі мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен нарық өкілдерінің қатысуымен отырыстар өткізеді.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бізге қазақстандықтардың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруды қамтамасыз ету туралы стратегиялық міндет қойды. Осыған байланысты әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру мәселесі өте маңызды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытта жүйелі шараларды қабылдауды тапсырды», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы өткен жылдың қараша айында бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмыстағы олқылықтар үшін өңірлер әкімдерінің бірқатар орынбасарлары жауапкершілікке тартылғанын еске салды. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша желтоқсан айында әкімдіктер бағаны ұстап тұру бойынша оң өзгерістерге қол жеткізді. Мәселен, өткен жылдың қараша айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның жиынтық өсімі 1,1%-ды құраса, желтоқсанда бар болғаны 0,1%-ды құрады.

«Бұл өңірлерде осы бағытта жұмыс істеу үшін қажетті құралдар бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, қаңтар айының қорытындысы бойынша біз тағы да әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының 0,3%-ға өсуін байқап отырмыз», — деп А. Мамин, әкімдер баға мәселесін ерекше бақылауда ұстап, жағдайдың өзгеруіне жедел әрекет ету керектігін атап өтті.

Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, бір апта ішінде көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар жүйесін құру жөніндегі жобаларды қаржыландыру құрылымын анықтауды тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісін кеңейту үшін қажетті жағдай жасауы керек. Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия алу кезіндегі міндеттерінің бірі болуы тиіс», — деп түйіндеді А. Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Премьер-Министрі,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT