Асқар Мамин ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы және уақытында жүргізу үшін қаржылай әрі материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдер қабылданды. Енді, алдағы уақытта, алқаптарға күтім жасау және егін жинау жұмыстарына дайындық бойынша маңызды жұмыстар бар. Осыған орай Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Индустрия министрліктеріне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, агрохимикаттар мен минералды тыңайтқыштар, сондай-ақ арзандатылған дизельдік отынның қажетті көлемін уақытында беруді қамтамасыз етуді тапсырамын», - А. Мамин Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ол сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек екенін атап өтті.

«Экология министрлігі облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, тез арада суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу бойынша қажетті жұмыс жүргізсін. Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп сапалы астық алу үшін нақты шаралар қабылдасын», - деді Үкімет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстан аумағында көктемгі егіс науқаны толығымен аяқталғанын айтты.



Соңғы жаңалықтар