Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, бірқатар мәселені атап өткім келеді. Бірінші, Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, инвестициялық жобалардың, әсіресе импортқа тәуелді тауарлар бойынша жобалардың іске асырылуын ерекше бақылауды және қолдауды қамтамасыз етсін», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы екіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, инвестициялық жобаларды уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Үшінші, Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне субсидиялар төлеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етсін»,- деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар