+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Асқар Мамин Ауғанстан Премьер-Министрімен кездесті

2019 жылғы 1 қараша 18:12
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Ауғанстан Премьер-Министрімен кездесті

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында Ауғанстан Премьер-Министрі Абдулла Абдулламен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев: Балаларымыздың қауіпсіздігі біз үшін әрқашан бірінші орында Үкімет басшысы ЕО-ға мүше елдер дипмиссияларының басшыларымен кездесу өткізді Асқар Мамин «Росатом» корпорациясының басшысын қабылдады

«Біз Ауғанстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және арттыруға ерекше көңіл бөлеміз. Бұған көп жылдар бойы жалғасып келе жатқан екіжақты саяси диалогтың жоғары деңгейі дәлел бола алады», — деді А. Мамин.

Келіссөздер барысында ҚР-ның АИР-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы, қазақстандық бизнестің Ауғанстанның энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және мұнай-газ өнеркәсібі, көлік саласын дамытуға қатысуы мәселелері қаралды.

А. Абдулла Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық және басқа да көмектері, оның ішінде АИР дамыту бойынша Ресми көмек желісі бойынша және қазақстандық жоғары оқу орындарында, орта арнайы және кәсіптік оқыту мекемелерінде ауғанстандық мамандарды даярлаудағы көмегі үшін алғысын білдірді.

Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты дамыту туралы келісімге келді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT