Асқар Мамин Ашхабадта ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ашхабадта (Түрікменстан) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

ТМД қатысушы-мемлекеттер үкіметтерінің басшылары Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды, ғылым және инновациялар, кедендік бақылау, зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау және тб. саладағы ынтымақтастық тетіктерін қарайды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар