Асқар Мамин Арыста орталық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - ҚР Премьер - Министрі Асқар Мамин Арыс қалалық орталық ауруханасында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов емдеу мекемесінің бүгінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елжан Біртановтың айтуынша, Арыстағы науқастар ауруханада жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан емханаға қаралып жатыр. Қалалық аурухана бір ай ішінде іске қосылатын болады. Күрделі жөндеу жұмыстарына жоғары сапалы құрылыс материалдары пайдаланылуда. Ауруханаға Ресейдің Новосибирск қаласынан шықққан арнайы есіктер қойылып, түркиялық сапалы терезелер орнатылуда. Сондай- ақ, барлық лифтілер жаңартылатын болды.
null

«Арыс қалалық орталық ауруханасындағы медициналық қондырғыларды жаңарту 1-ші тамызға дейін жүзеге асатын болады. Бұл мәселеге қажетті қаражат бөлінді. Жарылыс кезінде зақым келген медициналық құрал-жабдықтар толықтай жаңартылып, оларды сатып алу жағы шешіледі»,- деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
null

Айта кетейік, Арыс қаласында болған төтенше жағдай кезінде қалалық аурухана ғимараты жартылай зақымданған болатын. Атап айтқанда, жарылыс толқынынан емдеу мекемесінің терезелері сынып, аурухана шатыры мен ішкі және сыртқы есіктеріне, баспалдақтарына зақым келген. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазойлсервис» ЖШС қаражаты аясында қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 4 шілдеден бастап жарылыстан зақымданған есік - терезелер ауыстырылып, шатыры жөнделіп, әрлеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары 1 ай ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал, Арыс қалалық орталық ауруханасының басшылығы өз күшімен емхананың жұмыс бөлмелерін ретке келтіріп, 1 шілдеден бастап халыққа амбулаториялық қызмет көрсетуде.
null null null null

Соңғы жаңалықтар