Асқар Мамин Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарын көрді

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Бүгін еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына іс-сапармен келіп, жөндеу жұмыстары аяқталған нысандарды аралап көрді.

Үкімет басшысы жаңадан салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, атқарылған жұмыстарға бағасын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арысқа келген Асқар Мамин алдымен қалаға кіре берісте жаңадан бой көтерген тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Баспаналардың ішін көріп, құрылысшылармен сөйлесті. Болат Өтемұратов қорының демеушілігімен салынып жатқан 50 үй 100 отбасыға лайықталған. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің 10-ы яғни 20 пәтердің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған.

Мердігер компания басшылығының айтуынша, тұрғын үйлерге ішінара тұрмысмтық техника мен жиһаздар қойылған. Жобаның жалпы құны 80 млн теңгені құраса, бір үйді салу 16,5 млн теңгеге түскен.

«Баспаналарға су мен жарық кіргізілген. 45 үйдің іргетасы қаланып, қойылған. 38 үйдің шатыры жабылып, тағы 5 үйдің қабырғасы қаланды. 25-ші қыркүйек күні тағы 10 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ал, жалпы 25-ші қазанда барлық үйді тұрғындарға тапсырамыз деген ойдамыз»,- дейді мердігер компанияның директоры Аваз Бакиев.




Соңғы жаңалықтар