+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Асқар Мамин әр тұрғынға отын жеткізуді ұдайы мониторингілеуді тапсырды

2021 жылғы 14 қыркүйек 10:56
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин әр тұрғынға отын жеткізуді ұдайы мониторингілеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлердің әкімдіктері автономды жылу көздерінің бәрін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан көмірін экспортқа шығару үшін не істеу керек – сарапшы Қазақстан көмірінен фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі

«Жалпы өңірлер әкімдіктерімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, әлеуметтік сала объектілері мен жылу-энергия көздерін жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыс жүргізілді. Өңірлерде жылыту маусымы жоспар бойынша басталады. Әкімдіктер инженерлік желілерде, білім беру, денсаулық сақтау объектілері мен үйлерде жоспарланған жөндеу жұмыстарының бәрін белгіленген мерзімде аяқтасын. Энергия өндіретін және энергия беретін ұйымдармен бірге аса қысқа мерзімде жылыту маусымын өткізуге әзірлік паспорттарын алуды қамтамасыз етсін. Өңірлердің әкімдіктері автономды жылу көздерінің бәрін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етсін», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы көмір тапшылығына жол бермеу үшін өңірлерде көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасауды және коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік үшін әрі тұрғынға отын жеткізуді ұдайы мониторингілеуді тапсырды.

«Өңірлерде кәсіпорындардың жеткізілген газ бен көмір үшін және де тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегін жабу жұмысын күшейту керек. Бұл мәселе Үкіметтің ұдайы бақылауында болады», - деді Премьер-Министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT