+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Асқар Мамин Алматы облысында май зауытының ашылуына қатысты

2019 жылғы 20 қыркүйек 15:11
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Алматы облысында май зауытының ашылуына қатысты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысында май шығару зауытының ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Лукойл» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен бірге Іле ауданында «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС майлау материалдарын шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты .

Арнаулы сөзінде Үкімет басшысы Қазақстанда қазіргі дейін еліміздің көмірсутек секторына $9,5 млрд инвестиция салған «Лукойл» компаниясының зауытының ашылуы еліміздің мұнай-газ секторының дамуының қазіргі векторына, атап айтқанда, шикізаттық бағыттылықтан терең өңделетін өнім шығаруға көшуге сай келетінін айтты.

Зауыттың қуаттылығы — жылына 100 мың тонна өнім – 800-ден аса май түрлерін қамтиды. Өндіріс Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ, Қытай, Ауғанстан және Моңғолияның ішкі нарығын майлау майларымен қамтамасыз етуге арналған. Зауытқа «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік магистралінің жақын орналасуы логистикалық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.


Кәсіпорынның құрылысына және оны жарақтандыруға салынған жалпы инвестициялар көлемі $94 млн құрады. Жоба Қазақстан Республикасының заңнамасы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық құқық талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылды.

ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен «Лукойл» ЖАҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында «Қазақстан Республикасының аумағындағы учаскелерді бірлесіп зерттеу туралы» келісімге қол қойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT