+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Асқар Мамин алдағы жылыту маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

2020 жылғы 23 маусым 11:07
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин алдағы жылыту маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин алдағы жылыту маусымына дайындық шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Республикалық бюджеттің шығыстары 99,1% атқарылды – Қаржы министрлігі Әлемдік экономика Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төмен құлдырауға тап болды Тель-Авивте экономикалық ынтымақтастық және коронавируспен күрес мәселесі талқыланды

«Жалпы өткен жылдың жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Әкімдіктер алдағы жылыту маусымына дайындық шараларын күшейтіп, анықталған кемшіліктер мен ескертулерді жоюуы керек», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-министр осыған орай жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.

«Бірінші – жылыту маусымы басталғанға дейін барлық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандары, әсіресе денсаулық сақтау мен әлеуметтік саладағы нысандардың, үйлердің дайындығын қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, жоспарланған барлық жөндеу жұмысын бекітілген кестеге сәйкес аяқтаңыздар. Халықты көмірмен жылыту орталықтары және қазандықтармен қажетті көлемде алдын ала қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру керек. Көмір бағасын ерекше бақылауға алу қажет. Отынның, әсіресе көмір бағасын негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдаңыздар», - деді ол.

Асқар Мамин әкімдіктерге тұтынушылардың 1 наурызына дейін қалыптасқан коммуналдық қызметтер үшін кредиторлық берешектерін азайту шараларын қабылдауды тапсырды.

«Тағы бір мәселе – иесіз қалған электр желілерін анықтап, балансқа алуды, сондай-ақ коммуналдық ұйымдардың балансына беру жұмысын жалғастырыңыздар. Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму мен Энергетика министрліктері алдағы жылыту маусым барысын бақылау мен мониторингтеу жұмысын қамтамасыз етсін», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT