+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Асқар Мамин Ақтөбедегі Оңтүстік айналма жол құрылысын қарап шықты

2019 жылғы 23 тамыз 13:22
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Ақтөбедегі Оңтүстік айналма жол құрылысын қарап шықты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге келген Үкімет басшысы Асқар Мамин жол құрылысы, жоспарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Қытай арасында құпия келісім жоқ - Жеңіс Қасымбек

Ақтөбе қаласында 2011 жылдан бастап айналма жолдар салынып жатыр. Солтүстік айналма жол 2011-2013 жылдар аралығында салынып, қолданысқа берілді. Ал Оңтүстік айналма жол 2014 жылдан бері жалғасып келе жатыр.


«Оңтүстік айналма жолының ұзындығы 35 шақырымды құрайды. Алдымен 21 шақырым жол салынды. Екінші кезеңде көпір құрылысы да бар. 2020-2021 жылдары аяқтау жоспарда бар. Ақтөбе қаласын айналып өтуге мүмкіндік беретін жолды толық аяқтау үшін тағы 2,8 миллиард теңге қажет. Үкіметтен қаржылық қолдау сұраймыз», - деді Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев.


Ал Ақтөбе-Орск тасжолының 16 шақырымына жөндеу қажет болса, биыл 8 шақырымы қолданысқа беріледі. Келесі жылы жұмысты аяқтау үшін республикалық бюджеттен 500 миллион теңге қаржы сұралды.

Айта кетейік, Ақтөбеде Батыс айналма жолы да дайындалып жатыр. Үшінші айналма жолдың техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.

Премьер-Министр көпір құрылысымен танысып, қаржы жайын да сұрады.

Еске салсақ, Ақтөбеге Үкімет басшысы жұмыс сапарымен келіп, тұрғын үй құрылысымен танысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT