Асқар Мамин әкімдерге: Барлық ауылда медицина ұйымдары интернетпен қамтылуы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңір әкімдері осы жылдың соңына дейін барлық ауылда медицина ұйымдарын интернетпен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңір әкімдері бір ай мерзімде Денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамытудың – бастапқы денсаулық сақтау объектілерін салу мен жарақтандырудың жол картасын әзірлеп, жылдар және елді мекендер бойынша нақты бөлсін», - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне Денсаулық сақтау, Цифрландыру министріктерімен бірлесіп, жылдың соңына дейін барлық ауылда медицина ұйымдарын интернетпен қамтамасыз етіп, медициналық ақпараттық жүйелерге қосуды тапсырды. Бұл шаралар ауылдарда медициналық қызмет көрсетуді онла йн форматта жүргізу, телемедицинаны, мобильді қосымшаларды дамыту үшін қажет екендігіне назар аудартты.

«Әкімдіктер Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, өңірлерде жаңа учаскелер ашу, жеке секторды дамыту арқылы алғашқы медициналық көмек ұйымдарының дәрігерлерінің жүктемесін азайтуды қамтамасыз етсін. Жас медицина қызметкерлерін, әсіресе ауылға жұмысқа келген мамандарды материалдық ынталандыру бойынша шаралар қабылдау керек», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар