+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Асқар Мамин: 47 мың жобаға 2,5 трлн теңге жеңілдетілген несие беріледі

2021 жылғы 4 мамыр 10:20
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин: 47 мың жобаға 2,5 трлн теңге жеңілдетілген несие беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бизнестің қарқынды дамуына барынша қолайлы жағдай жасау үшін ауқымды конструктивті жұмыс жүргізілуде. Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин салада атқарылып жатқан шаруаларға осындай баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан экономикасы өсу жолына түсті – Асқар Мамин Экономиканың 7 көрсеткіші бойынша екі өңір ғана өсім көрсетті Әсет Ерғалиев өңдеу өнеркәсібінде өсім бар өңірлерді атады

«Бизнестің қарқынды дамуына барынша қолайлы жағдай жасау үшін ауқымды конструктивті жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар пандемия өз түзетулерін енгізді, шектеулерден шағын және орта бизнес зардап шекті. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2021 жылға арналған кешенді жоспар жаңартылды, онда шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың қосымша 60 шарасы көзделген», - деді Премьер-Министр.

Ол, сондай-ақ, салықтық жеңілдіктер арқылы бизнестің жүктемесін азайту, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, мемлекеттік сатып алуға қолжетімділікті жеңілдету, кәсіпкерлік қызметті реттеуді азайту шараларының жүйелі жүргізілгенін атады.

«Биыл шағын және орта бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту шеңберінде 47 мыңға жуық жобаны қамти отырып, 2,5 трлн теңгеден астам жеңілдікпен кредит беру ұсынылды. Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша бизнестің өтінімдерін қарау мерзімдерін 21 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқарту жұмысы жүргізілді. Кредиттерді субсидиялау және оларға кепілдік беру шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру биыл 97% дейін ұлғайды», - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр 2021 жылғы 1 сәуір – 1 маусым аралығында шағын және орта бизнес субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтардың барлық түрін төлеу мерзімі кейінге шегерілгенін еске салды. Бұл бизнеске шамамен 200 млрд теңгені сақтауға мүмкіндік берген көрінеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT