Асқар Мамин: 2020 жыл - соңғы 100 жылдағы ең дағдарысқа толы кезең болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жыл - соңғы 100 жылдағы ең дағдарыстық кезең болды. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытына және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеген міндеттерге сәйкес Үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Парламентпен бірлесіп, тиімді жұмыс жүргізуде. 2020 жыл - халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша соңғы 100 жылдағы ең дағдарыстық кезең болды. Коронавирус пандемиясы әлемдік экономиканың даму жағдайын және оның құрылымын түбегейлі өзгертті. Сонымен қатар, жаңа әлеуметтік-экономикалық үрдістер қалыптасты», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Үкімет ҚР Парламентімен белсенді өзара іс-қимыл жасай отырып, осындай күрделі кезеңде, азаматтар мен бизнесті қолдауға бағытталған аса маңызды шешімдерді дер кезінде қабылдады.

Бұған ҚР Парламенті орасан зор үлес қосты.

«Осы сәтті пайдаланып, Парламенттің қос палатасының барлық депутаттарына сындарлы және нәтижелі жұмыс үшін алғыс айтқым келеді. Ауқымды және уақтылы қолдау шараларын, сондай-ақ контрциклді макроэкономикалық саясатты іске асыру 2020 жылы Қазақстан экономикасының төмендеуін 2,6 пайызға дейін, ал негізгі капиталға инвестицияның азаюын 3,4 пайызға шектеуге мүмкіндік берді», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар