Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтады – Қырғызстан бас прокуратурасы

None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстан Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтады. Бұл туралы Кабар агенттігіне Қырғыз Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің бастығы Сирожиддин Камолидинов мәлім еткен.

Оның айтуынша, қылмыстық іс аясында Ақаевқа билікті немесе қызметтік жағдайды асыра пайдаланғаны үшін, 1992 жылы «Камеко» компаниясымен келісім жасасу эпизодтары бойынша немқұрайлық жасағаны және 2003 жылы «Құмтөр» жобасын қайта құрылымдағаны үшін айып тағылған.

«Қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі ескіруіне байланысты іс тоқтатылды», - деді ол.

Фото: kabar.kg



Соңғы жаңалықтар