Асқар Әбділдаев «Шахтер» ФК-ның директоры болып тағайындалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шахтер» футбол клубы» АҚ-да кадрлық өзгерістер болды. Владимир Нидергаус денсаулық жағдайына байланысты клубтың атқарушы директоры қызметінен кетті.

Директорды ресми түрде тағайындау дүйсенбі, 1 ақпанда өтеді. Жаңа директор қызметіне Асқар Әбділдаев келеді, деп жазады Sports.kz.

Бұған дейін ол ҚФФ бұқаралық футбол департаментін басқарған, ҚФФ бақылау-тәртіптік комитетінің төрағасы, УЕФА-ның жағажайдағы футбол және футзал бойынша комитетінің мүшесі. Асқар Әбілдаев қазақстандық футболшы ретінде танымал, ол қарағандылық «Шахтер» атынан ойнаған. Қазақстандық Премьер-Лиганың үздік форвардтарының бірі болды. 2008-2010 жылдары «Шахтер» футбол клубын басқарған.

Футболшы ретінде жетістіктері:

Қазақстан чемпионы, 1992

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, 1994

Қазақстан Кубогының иегері, 1992

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 1995

«Шахтер» ФК-ның директоры ретінде жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 2009

Қазақстан Кубогының финалистері, 2009,2010.

Соңғы жаңалықтар