Аскания бұғылары «Бурабай» ұлттық паркінде фототұзаққа түсіп қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аскания бұғылары «Бурабай» ұлттық паркіндегі фототұзақтың объективіне түсті. Сирек кадрлар «Бурабай» ұлттық паркінен алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Президенті Телерадиокешенінің ресми Telegram каналына сілтеме жасап.

Аскания бұғысы-бұл Украинаның Аскания-Нова қорығындағы қызыл бұғының әртүрінен будандастыру арқылы алынған бұғының бір түрі. Бұл бұғылар Қазақстанға 1983 жылы әкелінген. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Аскания бұғысының 1300-ден астам дарағы мекендейді.

Еске салайық, фототұзақ объективіне әртүрлі жануарлар түсіп тұрады. Жақында жабайы қабандар «Бурабай» ұлттық паркіндегі фототұзаққа түсті. Оның алдында «Алтын Емел» ұлттық паркінде алғаш рет қар барысының фототұзаққа түскені белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар