AsiaCredit Bank мүлкін ұрлауға қатысты факт тергеліп жатыр - агенттік
2022 жылғы 4 шілде 12:10

AsiaCredit Bank мүлкін ұрлауға қатысты факт тергеліп жатыр - агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «AsiaCredit Bank» АҚ-ның мүлкін ұрлау бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Агенттік Алматы қаласы бойынша департаменті «AsiaCredit Bank» АҚ-ның мүлкін ұрлау дерегіне қатысты ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», - делінген Агенттік хабарламасында.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 22 қаулысына сәйкес «AsiaCredit Bank» АҚ лицензиясынан айырылған болатын.
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT