«AsiaCredit Bank» Ерденаевтың таққан айыбына жауап берді

None
None
АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - «AsiaCredit Bank» Ерденаевтың таққан айыбына қатысты жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және ресми құжаттармен расталмағанын мәлімдейді.

«Б.С. Кенжебаевпен және «Бузгул Аурум» ЖШС-пен азаматтық-құқықтық қарым-қатынас барысында Банк қатаң түрде заңнаманың және жасалған шарттардың талаптарына сәйкес әрекет етті. БЖЗҚ ақшалай қаражатын Банктің жымқырғаны туралы айыптау дәйексіз және дәлелсіз, себебі Банктің Б.С. Кенжебаевты қаржыландыру шеңберінде БЖЗҚ-пен ешқандай қарым-қатынасы болмаған. Бұдан өзге, сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде Банкке ешбір айып тағылмаған», - деді баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, банк іскерлік беделін қорғау үшін сот немесе өзге инстанцияларға жүгінуге ниетті.

Айта кету керек, бүгін БЖЗҚ ісі бойынша сотта Руслан Ерденаевтың қорғаушысы «AsiaCredit Bank» АҚ мүлкіне тыйым салуды сұраған болатын. Оның айтуынша, банк басшылығы заңға қайшы әрекеттерге жол берген. Өз кезегінде оның қорғаушылары «AsiaCredit Bank» әрекеті бойынша прокуратураға қаулы түсіру туралы өтініш айтты. 

Судья бұл өтінімді істің соңына таман қарауға шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар