Ashyq жүйесіне Kaspi және Halyk Bank қосымшалары арқылы кіруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халық алдындағы есеп беру кездесуінде Ashyq жүйесінің қолдану аясы кеңейтіліп жатқанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Egov Mobile қосымшасында Ashyq функционалы іске асырылды. Енді электронды үкіметтің мобильді қосымшасын пайдаланушылар басқа қосымшаны жүктемей-ақ, Ashyq-тың мүмкіндіктерін пайдалана алады. 2 миллионнан астам адам Ashyq қосымшасын пайдаланып жатыр. Ashyq функционалы Kaspi мобильді қосымшасында іске асырылған. Біз мультиплатформалық тәсіл мен істен шығуға қарсы тұратын қағидаттарды пайдалануды жөн көреміз. Аптаның соңына дейін Ashyq функционалы Halyk Bank қосымшасында пайда болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар