+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ashyq жобасына тіркелу талаптары жеңілдеді – Абылай Мырзахметов

2021 жылғы 28 шілде 22:15
Бөлісіңіз:
Ashyq жобасына тіркелу талаптары жеңілдеді – Абылай Мырзахметов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлік нысандары Ashyq жобасына екі күнде тіркеле алады. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында 8 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан Ashyq жүйесіне қосылды СҚО-да Ashyq арқылы «қызыл» мәртебесі бар 333 адам анықталды Алматы облысында Ashyq көшбасшыларына қандай жеңілдіктер беріледі

«Мемлекет басшысы Ashyq жобасындағы бюрократиялық рәсімдер туралы орынды сын айтты. Біз әріптестерімізбен және санитарлық дәрігерлермен бірге талдау жүргіздік. Онда алгоритм іс жүзінде дайын, қаулы жүзеге асырылады. Оңтайландыру мен реинжиниринг процестері 7 күнге созылды, өйткені санитар дәрігерлердің мақұлдауы қажет болды. Бұл - қолмен жасалатын процедура. Әрі қарай біздің аймақтық өкілдерден рұқсат алу керек болды. Енді біз бұл процестердің бәрін алып тастадық. Бүкіл процестер автоматтандырылады, жобаға 2 күн ішінде тіркелуге болады», - деп түсіндірді Абылай Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, нормативтік құжатқа қол қойылғаннан кейін ведомство алгоритмді жариялайды.

«Біздің infokazakhstan платформасында 450 мыңға жуық кәсіпкер тіркелген, оның 90% қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Біз карантинді күшейткен бес қалада 100 мыңға жуық субъект, 30-ға жуық қызмет көрсету саласы тек Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз. Ертеңнен бастап кәсіпкерлік нысандарына, өңірлердегі жеке кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі», - деді А. Мырзахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT