Ashyq жобасына қатысатын нысандардың жұмыс уақыты белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу өлшемшарттары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы жаңа қаулысымен бірге жарияланған 4-қосымшада нақты көрсетілген.

Мысалы, ғимарат ішінде қызмет көрсететін мейрамхана, дәмхана, кофехана сияқты нысандар мен тамақтану орындары «қызыл» аймақта орналасқан болса, 50% жүктемемен әрі 50 орыннан асырмай таңғы сағат 7.00-ден түнгі сағат 2.00-ге дейін жұмыс істей алады. «Сары» аймақ пен «жасыл» аймақтағы дәмханалар мен мейрамханаларға да дәл осындай талап қойылады. Яғни Ashyq жобасына қатысқан тамақтану орындары мен дәмхана, мейрамханалардың мүмкіндігі аймақ түсіне қарамай теңестіріліп отыр деген сөз.

«Қызыл» аймақтағы жазғы алаңдарға да дәл осындай талап қойылған. Ал «сары» және «жасыл» аймақтағы жазғы алаңдарға кісі мен орын санына қатысты шектеу жоқ. Тек Ashyq жобасына қатысушы болса жеткілікті.





Соңғы жаңалықтар