+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

«Ashyq» жобасы үшін ПТР тест тапсыру қажет пе

2021 жылғы 5 наурыз 16:53
Бөлісіңіз:
«Ashyq» жобасы үшін ПТР тест тапсыру қажет пе

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда пилоттық режимде «Ashyq» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Израильден келген дәрігерлер бір күнде сегіз ота жасады Алматыда полицейлер 8,5 келіден астам есірткі тәркіледі Медицина кадрларын ынталандыру үшін Үкімет қандай шаралар қабылдауда

«Ashyq» жобасы QR кодын пайдалану арқылы мекемеге келушілердің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді.

Мекемеге келген сайын ПТР тест тапсыру, тапсырмау қажеттілігі туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

«ПТР тест тапсырудың қажеті жоқ. Оны үш күн сайын тапсыра да алмайсыз. Егер ПТР тест тапсырсаңыз, онда қорғалдыңыз, сізге жасыл түс мәртебесі беріледі. ПТР тесті қайта қайта тапсыру міндетті емес. Егер сіз «қызыл» мәліметтер базасында болсаңыз, ол - жұқтырған адам, ал «сары» - жұқтырған адаммен байланыс болған деген сөз. Осы екі түс ең қауіпті және олар оқшаулануы тиіс. Біздің міндетіміз - олардың қоғамдық нысандарға кіруіне жол бермеу», - деді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, ПТР тест түрлі жарысқа қатысушылар мен басқа елге ұшқысы келетіндер үшін берілуі керек.

«Кейбір спорттық іс-шараларда, бәсекенің басталуына екі күн қалғанда жарысқа қатысушы ПТР тестін тапсыруы керек деп алгоритмде жазылған. Ал шетелге ұшқанда әуежайға барасыз. Онда сізден ПТР тест талап етеді», - деді спикер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT