Ashyq жобасы бизнесті дамытуда оң септігін тигізіп жатыр – Абылай Мырзахметов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде пандемия және карантин жағдайында бизнестің дамуында Ashyq жүйесінің рөлі зор. Бұл пікірді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың ауыр болғаны айтпай-ақ түсінікті. Әсіресе, бизнес өкілдері үшін қиын болды. Пандемия миллиондаған кәсіпкердің ісіне кері әсерін тигізіп, шамамен 80 пайыз субъектіні қамтыды. Шамамен 500 мыңнан астам қызмет көрсету кәсіпорны зардап шекті. Расында да біз не істеу керегін білмедік. Әрине, өткен жыл біз үшін сабақ болды, яғни біз пандемия жағдайында тіршілік етуді үйрендік», - деді Абылай Мырзахметов Baigenews.kz ақпарат агенттігі «20:21» жобасының тікелей эфирінде.

Оның айтуынша, ел экономикасының 10 айдағы дамуына қорытынды жасалды. Және ішкі өнім көлемі 3,6 пайызды құрады.

«Атамекен» ҰКП басшысының мәліметінше, биыл сәуір айынан бастап іске қосылған Ashyq жүйесі - ел билігі, қоғам және бизнес өкілдері арасындағы теңгерімді сақтап отырған басты құрал.


Соңғы жаңалықтар