+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

«Ashyq» жобасы әуежайларда, теміржол вокзалдарында енгізіледі

2021 жылғы 15 маусым 09:46
Бөлісіңіз:
«Ashyq» жобасы әуежайларда, теміржол вокзалдарында енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маусым айының соңына дейін «Ashyq» жобасы әуежайларда, теміржол вокзалдарында енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бір күнде 59 сырқат коронавирустан көз жұмды 4 672 науқас коронавирустан жазылып шықты Тағы 3 мыңға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырды

«Бүгінде «Ashyq» жүйесімен қызметтің барлық саласындағы 10 мыңнан астам нысан қамтылған. 2 млн 100 мың қолданушы тіркелген. Вакцинация паспортын «Ashyq» қосымшасымен ықпалдастыру жүргізіліп жатыр. Маусым айының соңына дейін «Ashyq» жобасын әуежайларда, темір жол вокзалдарда енгізу жоспарланып отыр. Осы ретте айта кетерлігі, «Ashyq» жобасы енгізілген сәттен бері ПТР тестілеудің оң нәтиесімен 4 401 адам және байланыста болған 3 981 тұлға анықталды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, өкінішке орай кейбір азаматтар ауру екенін және вирусты жұқтырып алғанын біле тұра үйде оқшаулану режимін сақтамайды. Адамдар көп баратын нысандарға барып, елдің ішінде жүріп-тұруға ұмтылады. Сол арқылы төңірегіндегі адамдарға қауіп төндіреді.

«Осыған орай министрлік ереже бекітіп, ол күшіне енді. Оған сәйкес, карантин режимін бұзушылар айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оның көлемі 87 мың теңдеген асып жығылады», - Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT