+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ashyq: Жасыл түспен шетелден ПТР-тестісіз кіруге болады

2021 жылғы 13 мамыр 14:16
Бөлісіңіз:
Ashyq: Жасыл түспен шетелден ПТР-тестісіз кіруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq қосымшасында жасыл түсті мәртебесі бар азаматтар шетелден келген жағдайда да ПТР-тест тапсырмауына болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы ЖОО оқытушысы қала тұрғындарын коронавируспен күресте күш біріктіруге шақырды Ресей мен Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасының сапасында айырмашылық жоқ - ғалым Қазақстанда 2 719 987 адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина мәлім етті.

«Вакцина алған адамның Ashyq қосымшасындағы мәртебесі жасыл түсті болады. Яғни оның жүріп-тұруына шектеу жоқ. Мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына қосымша өзгерістер енгізілді. Ол бойынша Ashyq қосымшасындағы мәртебесі жасыл түсті жолаушылар шетелден ұшып келіп, ПТР- тест нәтижесін ұсынбай-ақ біздің шекарадан ішке кіре алады», - деп нақтылады Жанар Оразалина.

Осы шара барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева вакциналау паспорты Ashyq қосымшасына кіріктірілетінін айтқан болатын.

«Қазір біз санитарлық дәрігерлермен сөйлесіп жатырмыз, интеграция болған кезде адам ұзақ уақыт бойы жасыл мәртебеге ие болады», - деп қосты Юлия Якупбаева.

Жоба жетекшілерінің айтуынша, вакцина алған адамға берілетін «жасыл» мәртебенің жарамдылық мерзімі әлі нақтыланып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT