Ashyq-та ақау пайда болды: Министрлік мәселе шешімін ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq қосымшасындағы ақаудың себебін түсіндірген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов қазақстандықтарға уақытша Aitu жүйесін қолдана тұруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір техникалық ақауларға байланысты Ashyq қосымшасында мәртебені шығару мүмкіндігі болмай тұр. Біз жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймын», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Министрлік өкілі Ashyq-тағы техникалық ақаулар жойылғанша басқа қосымшаны қолдануды ұсынды.

«Бірнеше апта бұрын BTS компаниясы Ashyq қосымшасын Aitu-мен интеграциялауды ұсынған болатын. Біз келістік, себебі мультиплатформалық қағиданы ұстанамыз, мысалы мемлекеттік қызметтерді банк қосымшаларына шығарып едік қой, сол сияқты.

Неге Aitu? Біріншіден, BTS - мемлекетпен жұмыс істеген компания. Яғни олар деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік туралы меморандумға қол қойған. Екіншіден, Aitu да Ashyq сияқты жай ғана құрал, онда ПТР республикалық базасындағы мәліметтер сақталмайды, тек қана қажетті ақпаратты бір реттік көрсетілім үшін «тартады», - деп жазды вице-министр.

Оның айтуынша, Ashyq қосымшасы қазір Aitu платформасында пилоттық тәртіпте жұмыс істеуде. Кейін ресми түрде интеграциялау ұйымдастырылмақ.

«Aitu-дағы Ashyq-ты қалай қолдану керек? https://i2.app.link/OrbgU0JOdgb сілтемесі арқылы өтіп, Aitu қосымшасын жүктеп, «Қосымшалар» бөлімінде «Ashyq» енгізіп, орнатасыздар. Айта кету керек, жуырда Ashyq функционалы үшінші қосымшада да пайда болады. Біз мультиплатформалық қағиданы ұстанамыз», - деді Әсет Тұрысов.

Айта кетейік, карантиндік шектеу шараларына қарамастан, Ashyq жобасына қосылған кәсіпкерлік нысандарға жұмысын қайта бастауға рұқсат етілген болатын. Азаматтар ұялы телефондарына мобильдік қосымшаны жүктеп, ғимаратқа кіреберістегі QR кодты сканерлеу арқылы коронавирусқа қатысты өз мәртебесін көрсетуі тиіс. Мәртебесі «көк» және «жасыл» түсті азаматтарға ғана нысандарға кіруге рұқсат.

Апта басындағы Үкімет отырысында Денссаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq жүйесінің көмегімен «қызыл» және «сары» мәртебемен 3 256 адам анықталғанын айтқан болатын.

Коронаврусқа қарсы акцина алғандар Ashyq жүйесінде жасыл түсте болады.

«Ashyq» қосымшасындағы статусты үйден шықпай-ақ тексеругемүмкіндік жасалған еді.


Соңғы жаңалықтар