Ashyq: Пойызға мінгізілмеген жолаушыларға билет құнының жартысы ғана қайтарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ashyq жобасында жолаушыдан «Қызыл» немесе «Сары» мәртебесі шығып, жол жүруге рұқсат берілмеген жағдайда, оған билет құнының 50%-ы ғана қайтарылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Виктор Бошманн мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq жобасы жолаушыдан «қызыл» немесе «сары» мәртебесін анықтап, жол жүруге жіберілмеген жағдайда жолаушыға пойыз билеті құнының 50 пайызы ғана қайтарылады. Біз бұл мәселені әріптестерімізбен жан-жақты талқыладық. Осы орайда барлық жолаушылардан жолға шығар алдында Ashyq қосымшасы арқылы мәртебесін тексеріп шығуын сұраймыз», - деді В. Бошманн.

Бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі жолаушы Ashyq жобасынан өтпей, пойызға отырғызуға жіберілмеген жағдайда билетті кері тапсырып, оның құнын қалай қайтаруға болатынын түсіндіріп берген еді.

Айта кетейік, бұған дейін елордадағы «Нұрлы жол» вокзалында Ashyq жобасының жұмыс істей бастағанын хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, вокзалдағы жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушыларға қатысты түсініктеме берілді.


Соңғы жаңалықтар