+7 (701) 759 90 19
USD 429.84 EUR 482.32
RUB 5.77 CNY 67.32
Jańalyqtar

Ashyq-пен минут сайын елімізде мыңдаған адамның мәртебесі тексеріледі

2021 жылғы 23 маусым 17:11
Бөлісіңіз:
Ashyq-пен минут сайын елімізде мыңдаған адамның мәртебесі тексеріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq жобасымен елімізді минут сайын мыңдаған адамның мәртебесі тексеріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда вакцинация паспортын сатқан медбике ұсталды СҚО-да 1600-ге жуық адам Pfizer вакцинасымен егілді СҚО-да коронавирус науқастарына күнделікті 9 тонна оттегі жұмсалады

«Ashyq жобасы тиімді. Ол 9 мыңнан астам бизнес субъектісіне пандемия кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. 4 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген. Елімізде әрбір минут сайын мыңдаған адамның мәртебесі тексеріледі. Дегенмен, жоба кейбір азаматтар өздерінің мәртебесін біле тұра санитарлық талаптарды бұзуын жалғастырып отырғанын көрсетті», - деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Ерал Тоғжановтың айтуынша, 2021 жылдың сәуір айынан бері Аshyq жобасының көмегімен карантин режимін бұзған 9,6 мыңнан астам адам анықталып отыр.

«Олардың жартысы ПТР тестің оң нәтижесі бар адамдар», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT