Ashyq: «қызыл» мәртебесі бар 32 ақтөбелік айыппұл төледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 3608 кәсіпкерлік нысан мен мекеме «Ashyq» қосымшасына енгізілген. «Қызыл» мәртебесі бар 156 адамның карантин ережесін сақтамай, көпшілік жиналатын орынға барғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 3,6 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан мен мекемеге «Ashyq» қосымшасы енгізілсе, оның 225-і тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасованың айтуынша, осы аптада «көшбасшылардың» тізімі жаңартылды. Соңғы екі аптаның ішінде тағы 32-і қосылды. Бүгінгі облыста барлығы «Ashyq» жобасының 69 «көшбасшысы» бар.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасының қатысушылары сағат 22:00-ге дейін, «көшбасшы» мәртебесімен сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Ashyq жобасының қатысушылары, аутсайдерлері мен көшбасшылары туралы ақпарат апта сайын Ақтөбе облысы әкімдігінің сайтында жаңартылады.

«Бүгінде QR-кодты алу жүйесі толығымен автоматтандырылған және өтінімді мақұлдау туралы хабарлама бірнеше минут ішінде келеді. Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады. Жоба енгізілгелі бері өңірде «сары» мәртебесі бар 181 адам және «қызыл»мәртебесі бар 156 адам анықталды. «Қызыл» мәртебесі бар 32 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 1, 4 млн теңгегеден сомада айыппұл салынды. Бүгінгі күні өңірлік кәсіпкерлер палатасы және облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат беру жөнінде ұсыныс қаралып жатыр», - деді Сұлупан Шынтасова.


Соңғы жаңалықтар