+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Ashyq: КВИ жұқтырған 10 мыңнан астам адам қоғамдық орынға кіруге тырысқан

2021 жылғы 3 тамыз 10:01
Бөлісіңіз:
Ashyq: КВИ жұқтырған 10 мыңнан астам адам қоғамдық орынға кіруге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq жобасы аясында карантин талаптарын сақтамаған «қызыл» және «сары» мәртебедегі 16 663 адам анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында 8 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан Ashyq жүйесіне қосылды СҚО-да Ashyq арқылы «қызыл» мәртебесі бар 333 адам анықталды Алматы облысында Ashyq көшбасшыларына қандай жеңілдіктер беріледі

«Ashyq жобасына қосылу талаптарын жеңілдету қатысушылар санының 3 есе артуына ықпал етті. Осылайша, 27 шілдеден 3 тамызға дейін 21 900 қатысушыдан 67 782 қатысушыға дейін өсім байқалды», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, «Ashyq» жобасы аясында мониторинг топтары 50 мыңнан астам нысанды тексерді және 642 нысаннан заңбұзушылық анықтады.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің деректеріне сәйкес, 10 шілдеден бері 16 663 ереже бұзушы анықталды, оның ішінде 10 305 келуші «қызыл» мәртебемен, 6 358 адам – «сары» мәртебемен көпшілік жиналатын орындарға кіргісі келген. Осылайша, 16 мыңнан астам нысанда халықтың КВИ жұқтыруына жол берілмеді», - дейді А. Цой.

Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері қызыл аймақта тұр. Түркістан облысынан басқа өңірлер түгел «қызыл» аймақта.

3 тамыздағы жағдай бойынша, республикадағы инфекциялық төсек-орынның 56 пайызында, реанимациялық төсек-орынның 44 пайызында науқастар жатыр.

Сонымен бірге, елімізде вакцина салынуы тиіс халықтың 55 пайызы екпе алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT