«Ashyq» қосымшасының рейтингісі неліктен төмен – маман түсіндірмесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық тұрақты даму орталығының ІТ-сәулетшісі, цифрландыру саласының маманы Виталий Пустовойтенко «Ashyq» мобильді қосымшасының рейтингісі неліктен төмен болып отырғандығын түсіндірді, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз теріс пікірлердің тапсырысқа бейім сипатын байқап қалдық. Қосымша туралы жария еткен кезде адамдар шатасты немесе дұрыс түсінбеуіне байланысты чиптеу мен түске бөлуге қатысты мәселе көтерілді. Негізінде екпеге қарсы шығып жүрген адамдар тобы қосымшаны бағалауда төменге балл 1 - қою немесе бұғаттап тастау туралы үндеулері болды. Сонымен қатар шетелдік трафикті де байқап қалдық. Сондықтан оған шектеу қойдық. Яғни, шетелдік пайдаланушылар қосымшаны жүктеп алуға мүмкіндігі жоқ және теріс баға қоя алмайды. Түптеп келгенде қосымша ешқандай мәлімет жинамайды. Мұны тікелей баптауына өтіп тексеруге болады», - деді Виталий Пустовойтенко Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар ол адамдар қосымша өзіне ұнаса да оң пікір қалдыра бермейтіндігіне назар аудартты.

«Ал теріс пікір әдетте барлық уақытта да айтылып жатады. WhatsApp топтардағы әрбір қатысушы теріс пікір қалдырған», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар