«Ashyq» қосымшасындағы статусты үйден шықпай-ақ тексеруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - КВИ бойынша өз статусыңызды «Ashyq» қосымшасын жүктеп, үйден шықпай-ақ білуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алдымен «Ashyq» қосымшасын ұялы телефонға немесе планшетке жүктеп алуыңыз керек. Ары қарай тексеру үшін интернетке кіре алатын тағы бір құрылғы қажет болады. Ол құрылғы арқылы ashyq.kz сайтына кіріп, QR кодын смартфоныңыздағы Ashyq қосымшасы арқылы сканерлеу қажет. Осыдан кейін барып тексерушінің статусы көрсетіледі.

Мұндай сервис «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарға бару үшін қажет. Статус ақпараттық жүйелермен салыстыру негізінде ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР ДСМ COVID-19 бақылау орталығы арқылы беріледі.

«Ashyq» жобасы бойынша жұмыс басталғаннан бері Нұр-Cұлтан қаласындағы 618 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Бүгінгі күні елорда бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарында үй карантинін бұзған 1954 келуші анықталды (жұқтырғандар, «қызыл» статусы бар – 875 келуші, жақын байланыста болғандар, «сары» мәртебесі бар – 1079 келуші). Оқшаулау режимін бұзған келушілерге үй карантинін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Ashyq» жобасын енгізу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде кәсіпкерлік нысандарына қолдау көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар