+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Ashyq қосымшасындағы қазақстандықтардың жеке мәліметтерін кім көре алады

2021 жылғы 3 наурыз 16:30
Бөлісіңіз:
Ashyq қосымшасындағы қазақстандықтардың жеке мәліметтерін кім көре алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» қосымшасындағы қазақстандықтардың жеке мәліметтерін кім көре алады? Бұл сауалға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті цифрландыру басқармасының басшысы Саян Әбдішов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Маңғыстаулық кәсіпкерлер «Ashyq» жобасына қатыса бастады Биыл жазда астанадан Алакөлге аптасына 3 рет пойыз жүруі мүмкін - Үкімет Алматы облысының қант өндірушілері бәсекелестік заңнамасын бұзған

«Ashyq» қосымшасында ешқандай мәлімет жиналмайды. Келушінің ЖСН-і мен тегі Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесінде тіркеледі. Сервердегі мәліметтер ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде тұр. Денсаулық сақтау министрлігі қосымшаға келушілердің кіруін өзінің ақпараттық жүйелері арқылы көреді», - деп түсіндірді Саян Әбдішов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Ал Нұр-Сұлтан қалалық тұрақты даму орталығының ІТ-сәулетшісі, цифрландыру саласының маманы Виталий Пустовойтенконың айтуынша, мекеме қызметкері келуші көрсеткен мәртебені ғана көре алады.

«Аталған мәртебеде ЖСН-де көрінеді. Өйткені, адам өзінің ЖСН-ін енгізіп, оң нәтиженің немесе байланыста болған-болмағандығын тексереді. Ол бұл мәліметтерді мекеме қызметкеріне көрсетеді. Бірақ, ол мәліметтері келуші өзі енгізеді», - деді Виталий Пустовойтенко.

Оның айтуынша, мекемеге ұялы телефонсыз келген адам жеке мәліметтерін тексеруге келісім береді.

Содан кейін мекеме қызметкерлері оның мәліметтерін жүйеге енгізіп, коронавируспен ауырғанын немесе ауырғандармен байланыста болған-болмағанын тексереді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT