Ashyq қосымшасында адамға белгіленген мәртебе қанша уақыт сақталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ashyq қосымшасында адамға белгіленген мәртебе 14 күн бойы сақталады. Ол тек екі аптадан соң өзгеруі мүмкін. Бұл туралы онлайн брифинг Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Садуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызыл» мәртебесі барлардан бұл белгі 14 күннен кейін алынып тасталады және автоматты түрде «сары» күйге ауысады. Егер науқас адаммен байланысы болса, онда «сары» белгісімен расталады. Егер 14 күннің ішінде олар ауырмаса, онда сәйкесінше, «көкке» өтеді. Әр тұрғын өзінің мәртебесі туралы білетін болады. Егер ол ауырса, онда оған «қызыл» белгі беріледі. Егер үйде немесе жұмыста науқас адаммен байланыста болған болса, оның «сары» белгісі болады», - деді ол.

Садуақас Байғабыловтың айтуынша, Ashyq жүйесі жүмыс істеп тұр. Сонымен қатар, өз нәтижесін беруде.

Еске салайық, қызыл – амбулаториялық бақылаудағы адамдарға беріліп, үйде оқшаулануы қажет екенін көрсетеді. Сары – қозғалысты ішінара шектеу, яғни пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі. Көк – ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ. Жасыл – қозғалыста ешқандай шектеулер жоқтығын білдіреді.


Соңғы жаңалықтар