+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

«ASHYQ» қосымшасын 125 мың қолданушы телефонына жүктеген

2021 жылғы 8 сәуір 14:53
Бөлісіңіз:
«ASHYQ» қосымшасын 125 мың қолданушы телефонына жүктеген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға өтінім беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пандемия кезінде тұрғындардың тауға баруы төрт есеге артты — Бақытжан Сағынтаев Сағынтаев: Алматыда жыл ішінде жасыл желекпен қамтамасыз ету бір адамға шаққанда 1,6 есеге өсті Алматы полициясы қалада интерактивті жол белгілері не үшін орнатылғанын түсіндірді

«6 сәуірдегі жағдай бойынша «ASHYQ» қосымшасын 125 000 қолданушы өз смартфондарына жүктеп алған, объектілерге барлығы 374 QR код берілді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жобаға қатысушылардың саны – 91, Қарағанды бойынша – 39. Ал, Алматы әкімдігі сайтында жарияланған тізімде пилоттық жобаға қатысушылар саны – 264, бір қатысушының өтінімі өңделуде және 92 қатысушы QR кодын алу сатысында»,-деді Айтуар Қошмамбетов.

5 сәуірдегі деректер бойынша қалада пилоттық жобаның арқасында Алматыда қызыл және сары мәртебесі бар 19 келуші анықталған. Жалпы, 17 қаңтардан 5 сәуірге дейін республика бойынша қызыл мәртебесі бар 273 азамат анықталды, яғни жобаға қатысушы Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалалары бойынша.

Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына пилоттық жобаға қатысушыларды енгізу және жобадан шығару тәртібін қосуды ұсынған. Қазіргі таңда жобаға қатысушыларды енгізу және шығару бойынша алгоритмдер бекіту сатысында.

«Ashyq» жобасына фитнес-клубтар, спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар, боулинг клубтар қатыса алады. Оған қатысу үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Яндекс платформасындағы нысанды толтыру арқылы өтінім бере алады. Өтінім беруге арналған сілтемені «Бизнес штаб Алматы» телеграмм-арнасынан табуға болады»,- деп түсіндірді спикер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT