Ashyq қосымшасы вакцина паспортымен қалай біріктірілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ashyq қосымшасының вакцина паспортымен қалай біріктірілетіні туралы түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер сіз ПТР тест тапсырсаңыз үш күннен соң «жасыл» мәртебе шығады. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі мен мемлекеттік бас санитар дәрігердің ұсынған алгоритмі. Вакцинаға келсек, бүгінде техникалық жұмыс өз мәресіне жетіп қалды, жуырда дайын болады. Өздеріңіз білетіндей, денсаулық сақтау министрі 1 шілдеден бастап толықай көшетіні туралы айтты. Біз техникалық тұрғыдан әзір болғандықтан уақытты созбай іске қосуды ұсынғымыз келеді», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Болатбек Молдабеков.

Бұған дейін аталған департамент басшысы, ел көлемінде 2,5 мыңнан астам адамнан Ashyq қосымшасы арқылы «қызыл» мәртебе анықталғанын мәлім еткен болатын.


Сондай-ақ, министрлік өкілі Ashyq қосымшасында орын алған техникалық ақаудың себебін түсіндіріп, ендігі уақытта аталған жүйе қызметінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на берілгенін айтты.



Соңғы жаңалықтар