Ashyq қосымшасы «қызыл» мәртебесін қате көрсетсе не істеу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтарға Ashyq қосымшасы «қызыл» мәртебесін қате көрсеткен жағдайда не істеу керектігі айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше Ashyq қосымшасында техникалық ақау табылғанда, әуежаймен қатар басқа да нысандарға ескертілді. Қолайсыздықтар мен кедергі болмады, жолаушыларға әуежайда әдеттегідей қызмет көрсетілді және мәселе болмауы да тиіс. Бізде өзара санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің байланыс телефоны бар және ол үшін әуежайда арнайы бөлме де қарастырылған. Сондықтан проблема туындамауы тиіс. Жалпы Ashyq қосымшасы қалай жұмыс істейді? Сіз ЖСН-ді сканерлегенде немесе тергенде ол автоматты түрде Денсаулық сақтау министрлігінің базасына еніп, одан әрі азаматтың ПТР бойынша мәртебесін сұрайды. Егер жеке мәліметті дұрыс термеген немесе басқа да қателік туындаған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері мәселені дереу шешеді. Яғни азаматтың мәртебесін қарайды, тексереді, қате кеткен жағдайда түзетеді», - деп түсіндірді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Болатбек Молдабеков.

Бұған дейін департамент басшысы Ashyq қосымшасы арқылы азаматтардың жеке мәліметтері тексерілмейтінін айтып, министрлік өкілдерінің ешкімді аңдымайтынын еске салған болатын.


Соңғы жаңалықтар