«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін алу алгоритмі қандай - Қаулы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бас санитар дәрігенің жаңа қаулысы бойынша санитарлық талапты сақтаған кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатқа сүйенсек, «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін беру алгоритмі мынадай:

1. «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі осы Алгоритмге сәйкес 1-схемаға сәйкес «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін беру өлшемшарттары бойынша жобаға қатысушыларға беріледі.

2. «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін беру үшін жобаға қатысушылардың тізімін жергілікті әкімдіктер қалыптастырады.

3. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әкімдіктерге жобаға қатысатын объектілерде (2 апталық кезеңде) QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеу санына қатысты мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етеді.

4. «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін жобаға қатысушыларға беру ВАК-тың шешімімен тізім бойынша бекітіледі. «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесінің қолданылу ұзақтығы – 2 апта.

5. «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімі әкімдіктің сайтында орналастырылады.

6. «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:

- «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;

- «сары» аймақтағы жобаға қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;

- «жасыл» аймақтағы жобаға қатысушыларға жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10% арттырылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты. Құжатта «Ashyq» жүйесімен жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандардың санаты 23-ке жеткізілгені айтылған.


Соңғы жаңалықтар