Ashyq қолдану және маска тағу: Елордада бас санитардың жаңа қаулысы шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Қаулығы сәйкес карантин талаптарына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте; COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдар; коронавирус инфекциясына ұқсас аурудың белгілері (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру) бар адамдар маска тағуға міндетті», - делінген жаңа қаулыда.

Сондай-ақ, бас санитар дәрігер елордада нысандарға кіруде «Ashyq» жобасын қолдану жалғасын табатынын ескертті.

«Эпидемиологиялық бағалау матрицасының «жасыл» және «сары» аймақтарында орналасқан кезде осы қаулының 3.1-тармағында көрсетілген объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті емес және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін», - делінген ресми құжатта.

Одан бөлек, жаңа қаулыда қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация процесін бақылауды күшейту керектігі айтылған.

Толығырақ мына сілтемеде танысуға болады.

Аталмыш қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар