+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

«Ashyq-қа кіру оңайырақ бола түсті» – Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының басшысы

2021 жылғы 6 тамыз 04:00
Бөлісіңіз:
«Ashyq-қа кіру оңайырақ бола түсті» – Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының басшысы

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Ashyq жүйесіне 9 338 бизнес нысаны қосылды, олардың мыңнан астамы – ерікті қатысушылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустан жазылғандар тегін оңалтудан өту үшін не істеуі керек Коронавирус жұқтырған 226 пациенттің жағдайы өте ауыр - министрлік Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Ashyq жобасының дамуы және оның артықшылықтары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында өткен брифингте айтылды.

«Ashyq жобасында Қарағанды облысында 9 338 бизнес нысаны тіркелген. Олардың мыңнан астамы ерікті қатысушылар. Қосымшаға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша қосымшасыз жұмыс істей алса да, бірнеше азық-түлік супермаркеттері қосылды», – деп хабарлады Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

Қарағанды облысы қазір «қара-қызыл» аймаққа жатқызылғанын ескере кетсек, жоба қатысушыларының жұмыс істеу мүмкіндігі туындайды, деп атап өтті ол. Ashyq көшбасшылары тіпті жұмыс уақытын қосымша екі сағатқа соза алады және нысанның толтырылуы 10% артады.

Палата басшысының айтуынша, жобаға қосылу рәсімі қолжетімдірек бола түсті.

«Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, InfoKazakhstan.kz сайтында QR-кодтарды алу рәсімін жеңілдетті. Санитарлық дәрігерлермен және «Атамекен» өңірлік өкілдіктерімен келісу талабы процестен алынып тасталды. Өтінім берген сәттен бастап жобаға толыққанды кіргенге дейін кәсіпкерге екі күн қажет. Осыдан кейін мекеме жеті күн бойы тест режимінде жұмыс істейді. Жобаға қосылу рәсімі қолжетімдірек бола түсті», – деп түсіндірді Ернар Күлпейісов.

Облыста QR-кодтарды ресімдеуге көмек көрсету пункттері жұмыс істейді. Оларды қиындықтарға тап болған кәсіпкерлер пайдалана алады.

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаеваның пікірінше, Ashyq жобасы әу бастан-ақ тиімді екенін көрсетті.

«Бұл бағдарлама сүзгі ретінде қызмет етеді, оның мақсаты – қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жасау және жұқтырған немесе байланыста болған адамдарды қоғамдық орындарға жібермеу. Пилоттық жобаның басында наурыз айында бірінші болып тамақтану нысандары болды. 50 қатысушыдан басталды. Ал шілде айында бес есе өсім болды», – деп атап өтті Татьяна Аблаева.

Оның айтуынша, облыста 71 қатысушы Ashyq көшбасшылары болып танылды. Мәртебе келушілердің санына байланысты беріледі.

Сонымен қатар, QR-кодты сканерлеусіз объектілерге келушілерді кіргізетін кәсіпкерлер жобадан уақытша шығып қалу қаупі төнеді.

Ashyq-қа қосылу бойынша сұрақтармен ҰКП Сall-орталығына 1432 нөмірі бойынша хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT